«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕРЛЕРІ» атты сынып сағаты ақпараты

Дата: 2021-12-09 12:31:44
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕРЛЕРІ» атты сынып сағаты ақпараты

08.12.2021 ж. күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 7-сынып оқушыларымен «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕРЛЕРІ» атты сынып сағаты өткізілді. Қазақ жері, халқы сыйлаған «Ұлы тұлғаларды» дүниеге әкелген мекен. Тарих сахнасында төрелігін тура айтқан Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билер сол заманда сот жүйесін қалыптастырды. Әлемде жер көлемі бойынша 9-шы орын алатын бүгінгі Қазақстанның кең байтақ жері кешегі жаугершілік заманда атқа мініп, қолына найза алып, жауға шапқан Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай т.б. батырлардың ерлігі. Қазақ күйшілері Құрманғазы, Тәттімбеттің күйлері қазақ даласынан бөлек, әлемдік аренада әлем жұртын мойындатқан туындылар. Қазақ елі ақын-жазушылардан да кенде емес, «Кел балалар оқылық» деп, білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин, шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлының еңбектері бүгінде оқырман арасында жоғары бағаланады. Өткеніне құрметпен қарайтын ұрпақ қана өмірден игі жақсылары мен жайсаңдарына лайықты қошемет көрсете алады.

Автор: №9 ОМ