«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ақпараты

Дата: 2021-12-08 14:53:00
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ақпараты
Мектебімізде 07.12.2021 күні Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай 7-8 сыныптарда «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін, патриоттық сезімін ояту, еліне деген құрметті қалыптастыру, сонымен қатар «Қазақ елі жүріп өткен жол», «Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері», «Мәңгілік ел» тақырыптарында ой толғау болды.Оқушылар қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихына, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тақырыптарында ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында викториналық сұрақтар,ой толғау,постер құрастыру,видеороликтер көрсетілді. Оқушылар өз ойларымен,жеке пікірлерімен белсенді түрде бөлісті. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің мұғалімдері Токбулатова Г.,Есжанова Г.
Автор: №9 ОМ