«Әйелдерге қатысты зорлық –зомбылықсыз 16 күн» акциясы мен «Вейп –денсаулыққа өте қауіпті» атты апталығының ақпараты

Дата: 2021-12-06 12:22:44
«Әйелдерге қатысты зорлық –зомбылықсыз 16 күн» акциясы мен «Вейп –денсаулыққа өте қауіпті» атты апталығының ақпараты

2021 жылдың 04 желтоқсаны күні 7-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Әйелдерге қатысты зорлық –зомбылықсыз 16 күн» акциясы, сонымен қатар «Вейп –денсаулыққа өте қауіпті» атты апталығы аясында Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановнамен кездесу өтті.

Мақсаты: оқушыларға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту үшін қабылданған шаралармен таныстыру, сонымен қатар электронды құрылғыны сатып алуға және сатуға тиым екені, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруге болмайтыны жайлы айтылып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін дәріс оқылып, ерте жүктіліктің алдын - алу және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды.

Автор: №9 ОМ