Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз елдің патриотымын!» атты эссе байқауы туралы Ақпарат

Дата: 2021-12-06 10:17:11
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз елдің патриотымын!» атты эссе байқауы туралы Ақпарат
2020-2021 оқу жылындағы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесінің іс-шаралар жоспары аясында өскелең жас ұрпақтың өз туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рухани-патриоттық тұлға қалыптастыру мақсатында 3 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С. Козгуренованың ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің патриотымын!» атты эссе байқауы өткізілді. Эссе жұмысына 15 оқушы қатыстырылды. Ең үздік танылған жұмыстарға жүлделі орындар тағайындалды: 1 орын- Совет Мухамедрасул, 2 орын – Кумарова Малика, Алпыбаева Аяна, 3 орын – Маулитова Еркеназ, Сағатбек Динара
Автор: №9 ОМ