«Біздің мектептің асханасы» акциясы аясында өткізілген тамақтану сапасына тексеріс жүргізу ақпараты
Дата: 2021-11-24 15:23:39
№9 жалпы білім беретін мектебінде «Біздің мектептің асханасы» акциясы аясында 2021 жылдың 24 қарашасы күні мектеп Президенті, өзін –өзі басқару ұйымы, қамқоршылық кеңестің төрағасы, директордың тәрбие жөні орынбасары және әлеуметтік педагогтың жетекшілігімен мектеп асханасының жағдайын тексерді.
Акция барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Тамақтанумен қамту;
- Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
- Еңбек гигиенасы;
- Дайын өнімнің сапасы;
- Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру;
- Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;
- Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
- Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
- Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардың болуын тексеру.