«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тренингінің ақпараты

Дата: 2021-11-19 16:46:22
«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тренингінің ақпараты
2021 жылдың 19 қарашасы күні  мектеп психологытары Ф.Садуакасова, С.Абеуова 5-6-сынып оқушыларымен «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Автор: №9 ОМ