«Педагогиалық әдеп» тақырыбында директор жанындағы жиналыс

Дата: 2021-11-18 09:38:07
 «Педагогиалық әдеп» тақырыбында директор жанындағы  жиналыс
17 қараша 2021 ж мектеп ұжымымен «Педагогиалық әдеп» тақырыбында директор жанындағы жиналыс өткізілді. Бұл кездесуде педагогтардың өзін өзі ұстауы, сөйлеу әдебін сақтау керектігі ескертілді. Сонымен бірге оқушылармен ата-аналармен де этикалық тәртіпті сақтай білу мәселелерін сөз етті. Тәрбие бағытында бойынша қатысушыларға физикалық, моральдық, психологиялық зорлық-зомбылық әдеттерін қолдануға жол берілмейтіндігі; Әріптестіктерінің сеніміне қиянат жасауға, кәсіби міндеттеріне араласуға, қандайда зиян келтіруге кез келген нысанда жол берілмейді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтау бола алмайды; Жиналыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау туралы шешім қабылданды.
Автор: №9 ОМ