Директор сағатының ақпараты

Дата: 2021-11-08 09:58:22
Директор сағатының ақпараты
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде 5.11.2021жылы 1 – 11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Директор сағаты» өтті. Мектеп директоры жиналыс барысында І тоқсанның қорытындысына тоқталып, жетістіктерді атап өтті, ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстырды. Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында айтты. Мектеп әкімшілігі ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарына толық нақты жауап берді.
Автор: №9 ОМ