«Түнгі қала балалары» рейдтік іс-шара ақпараты

Дата: 2021-11-05 11:25:50
«Түнгі қала балалары» рейдтік іс-шара ақпараты
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап 5 қараша күндері арасында «Түнгі қала балалары» рейдтік іс –шара өтті. Мақсаты: күзгі демалыс уақытында және мектептен тыс жағдайдағы тәртіптерін бақылау, оқушылардың түнгі уақытта жүрмеуін қадағалау. Рейдке қатысқандар: мектеп директоры Д.Жолдасова, әкімшілік, әлеуметтік педагог Ж.Төлеген, сынып жетекшілер, ұстаздар. Рейд жасалған жерлер: Тоқтамысова, Сейфуллина көшелері. Мектепішілік есепте, ювеналды полиция тіркеуінде тұрған оқушылардың үйлеріне рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар түнгі уақытта жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, көп қабатты үйлердін ауласына, яғни Ленина, Алимжанова, Островского, Бөкейханова, Сейфуллина көшелерінде және жертөрелерге ұйымдастырылды. Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
Автор: №9 ОМ