«Құқығым бар» инспектормен дәрістің ақпараты
2021 жылдың 26 қазаны күні 1-11 сынып оқушыларына «Құқығым бар» тақырыбында мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы дәріс өткізді. Дәрісте қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу туралы айтты. Сонымен қатар бала құқықтары туралы конвенциясы туралы айтты. Ол - Адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт.
Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар:
· өмірсүруге, есімінің болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары;
· аман-сау отбасылық өмір құқығы;
· сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық;
· денсаулығын сақтау нығайту құқығы;
· білімалу мен мәдени даму құқығы;
· Төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтары.