Ата- аналар жиналысы
Дата: 2021-10-23 10:40:32
№9 жалпы білім беретін мектебінде 11 сыныптың ата –аналарына 22.10.21ж. күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде: ҰБТ балдары, пән мұғалімдерінің ұсыныстары қаралды. Мектеп директоры Д.Жолдасова 11-сынып оқушыларының ҰБТ мәселесі жайында айтып өтті. Пән мұғалімдері әрбір оқушының оқу үлгеріміне тоқталып, оқушыларда қай пәндерде қиыншылық бар екенін айтты. Жиналыс барысында ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.