«Мен елімнің ұланымын» ерлік сабақ ақпараты.
№9 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлы дала әскері- Тәуелсіздік тірегі» ұранымен 28 панфиловшы – батырларының 80 жылдығына орай 7 - сыныптарда «Мен елімнің ұланымын» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Сабақ балаларды еліне, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген патриоттық және мақтаныш сезімін ояту, рухани дамыған, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу сынды мақсаттарды көздеді. Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлерге тоқталды. Балалар «Өз елінің нағыз патриоты болу үшін не істеу керек? Сіз кімді патриот деп санайсыз?» сынды басқада сұрақтарға жауап берді. Соныменқатар, «Нағызпатриот … болуы керек» сөйлемін толықтыру ұсынылды. Балалар (батыл, табанды, Отандысүю, әлсіздердіқорғау, Толықадам) сияқтыжауаптаржазды.bilim_bolimi#goroo_balkash#ҚОББтәрбие#