«Әке - отбасының тірегі»
Дата: 2021-10-14 13:48:35
14.10.21 мектебімізде «Ұлағат» әкелер ұйымының жетекшісі Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Рахимбеков Баржан Оралұлы, Ж.Мухаметжанов, 6-11 сынып оқушылары қатысты. Әкелер ұйымының төрағасы Баржан Оралұлы «Әке - отбасының тірегі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында ұл балаларға отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет екендігі айтылды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Мектепппен үнемі тығыз байлыныста болып, ер балалардың тәрбиесіне қатты көңіл бөлу керектігін атап өтті. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі екеніне тоқталды.