Размер шрифта:

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата –аналар жиналысының ақпары

Дата: 2021-10-13 15:38:44
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  ата –аналар жиналысының ақпары

2021 жылдың 8 қазаны күні Zoom –мен1-11 сынып оқушыларының ата –аналарының қатысуымен ата –аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәлімет берілді. Сонымен қатар мектеп инспекторы мен мектеп әкімшілігі апта сайын кешкі уақытта рейдке шығатыны айтылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейін ойын-сауық мекемелеріндежүрсеҚазақстан Республикасы Кодексінің442-бабы бойынша заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ұсталса –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бірнеше рет ұсталса –заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны айтылды.

Автор: №9 ОМ