Размер шрифта:

№9 жалпыбілімберетін мектебінің«18 - қазан Рухани келісім күні» бойынша өткізілген сынып сағат ақпарты

Дата: 2021-10-12 08:48:13
№9 жалпыбілімберетін мектебінің«18  - қазан  Рухани  келісім күні» бойынша өткізілген сынып сағат ақпарты

  Мектебімізде 11.10.21 ж «Рухани келісім-бейбіт пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Оқушыларға ұлттар арасындағы рухани құндылық, татулық пен достықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі, бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда  Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталатынын., Тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз жолдауларында: Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі, екенін атап айтты.

Автор: №9 ОМ