Жалпы ата-аналар жиналысының ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде 08.10.21 күні 1-11 сынып ата-аналарына мектеп директоры Д.Жолдасова жиналыс өткізді. Жиналысқа қалалық білім бөлімінің әдіскері К.Айнабекова қатысты. Жиналыс барысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мәселелері қаралды. Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталатыны туралы айтылды. Осы мәселелер бойынша мектебімізде іс-шаралар, күнделікті ұйымдастырылып жүргізіліп отыратындығына тоқталды.Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отырғандығын айтып өтті. Осыған орай аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет екенін ескертті.