«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2021-10-05 09:19:22
«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты

 2021 жылдың 04 қазаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша           Балқаш қаласы ПБЖПКБ полиция капитаныКасымжанова Анар Кожановна және инспектор Абенов Бахтияр Абильевич 2-6 сынып оқушыларына «Жасөспірім және Заң» тақырыбындадәріс өткізді. Дәрісте заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза туралы айтылды.

Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз.Заңның түрлері көп екенін білесіздер,бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады.Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу ,құрметтеу – біздің парызымыз.

Автор: №9 ОМ