№9 ЖББ мектебінде ардагерлер күніне орай өткізілген сынып сағатының ақпараты

Дата: 2021-09-27 18:57:28
№9 ЖББ  мектебінде ардагерлер күніне орай өткізілген сынып сағатының ақпараты
​Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету мақсатында мектебімізде 27-қыркүйек күні «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Автор: №9 ОМ