Директор сағатының ақпараты

Дата: 2021-09-16 15:22:41
Директор сағатының ақпараты

27 тамыз күні 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «№9жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Д.Жолдасова «Директор сағатын» өткізді. Мектеп басшысы өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып,ата-аналарға жаз мезгілінде мектепте атқарылған жөндеу жұмыстары туралы айтып өтті. Тоқталған мәселелер : қазіргі жағдайға байланысты санитарлық норманың сақталуы,оқулықпен қамтамасыз етілуі және мектеп формасы, әртүрлі мәселелер айтылды.Биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктер айтылды, олардың қатарында 45 минуттық сабақ уақыты, және оқушылардың сабаққа келу уақыты мен ережесі хабарланды. Ата-аналар тарапынан мектеп директорына мектеп асханасының жұмысы жайында сұрақтар қойылып, толық жауап алынды.

Автор: №9 ОМ