«Менің отбасым және үйім - менің өмірімнің басты құндылықтарының бірі» тақырыбында сынып сағат ақпараты

Дата: 2021-09-13 15:27:33
«Менің отбасым және үйім - менің өмірімнің басты құндылықтарының бірі» тақырыбында сынып сағат ақпараты
13.09.21 күні №9 жалпы білім беретін мектебінде «Менің отбасым және үйім - менің өмірімнің басты құндылықтарының бірі» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім адамның өз жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Автор: №9 ОМ