«Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сынып түлектерінің аттестат алу салтанатты жиын ақпараты

Дата: 2021-08-06 14:54:27
«Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сынып түлектерінің аттестат алу салтанатты жиын ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.06.21 күні 11-ші сынып оқушыларына арнап «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Д.Жолдасова оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.11 жыл бойы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысқан ата-аналарға алғысын айтты. Мектеп бітірушілерге жалпы орта білім беру туралы аттестаттары мен оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін Алғыс хаттар табыс етілді. 11 А сынып оқушылары Бекбосын Асылан «Алтын белгі», Шлатай Аружан «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Келешектеріңіз жарқын да нұрлы болсын, Тәуелсіз елдің байрағын биік ұстар ұрпақтар, жас түлектер!

Автор: №9 ОМ