"Қауіпсіз жаз" ата –аналар жиналысы

Дата: 2021-05-22 11:55:06
№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.05.21 күні 1-11 сынып жетекшілері ата-аналарына "Қауіпсіз жаз" тақырыбымен жиналыс өткізді.Жиналыс барасында оқу жылының аяқталуына, оқушылардың жылдық қорытындысына есеп берді. Жетістікке жеткен оқушылары мен оқытуда ықпал еткен ата-аналарының қолдауларына ризашылықтарын білдірді. 26.05.-19.06.21 күндері "Жазғы мектеп" ұйымдастырылатынын, оған ата-аналардың тілектері мен өтініштері бойынша бара алатынын ескертті.Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелеріне тоқталды. Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау туралы ақпарттар айтылды. Құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанова жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатқандығына тоқталды. #РУМЦДОМОНРК #МОНРК @karagandyoblysybilimbaskarmasy @goroo_balkhash @kopd_mon_rk
Автор: №9 ОМ