Отбасы сағаты
Дата: 2021-05-11 09:26:00
Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде 1-11 сыныптың ата –аналарына 6.05.21ж. күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан отбасы сағаты өткізілді. Отбасы сағатында мектеп директоры Д.Жолдасова, мектеп инспекторы Б.Ө. Амирханов, құтқарушылар орталығының медбиекесі Б.С. Абжанова, мектеп медбикесі И.М. Кондубаева қатысты. «Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында мектеп директоры Д.Жолдасова тоқталды. Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау туралы ақпарттар айтылды. Мектеп инспекторы Б.Ө., Амирханов жиналыс барысында бала құқығы туралы конвенция және бала құқығының негізгі сұрақтарын қамтыды. Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ата – аналарға жадынамалар ұсынылды.Құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанова жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатқандығына тоқталды. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, ережелермен таныстырып өтті.Мектеп медбикесі И.М.Кондубаева коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жайлы әдістемелік нұсқауды ұсынып, ата- аналарға ақпарат берді.