«Ұлт бірлігі – ұлт байлығы» дөңгелек үстел

Дата: 2021-04-29 10:28:47
«Ұлт бірлігі – ұлт байлығы» дөңгелек үстел
29.04.21 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Ұлт бірлігі - ұлт байлығы» тақырыбында 9- сынып оқушыларына дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барасында оқушылар, Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет екенін айтып өтті. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық деп ойларын ортаға салды. #1мамырқазақстанхалықтарыныңбірлігікүні
Автор: №9 ОМ