"Ұлы тұлға-Ыбырай Алтынсарин"

Дата: 2021-04-05 15:07:08
5.04.21 күні Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай "Ұлы тұлға-Ыбырай Алтынсарин"тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады. Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды.
Автор: №9 ОМ