«Өрт қауіпсіздігін сақтайық!», «Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында ата-аналармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ZOOM платформасы арқылы жиналыс ақпараты

Дата: 2021-02-25 14:18:05
 «Өрт қауіпсіздігін сақтайық!», «Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында   ата-аналармен  қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ZOOM платформасы арқылы жиналыс ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде өрттің алдын алу, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын оқыту және тиімділігін арттыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігін сақтайық!», «Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында ата-аналармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті.Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженерi Азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерланов Инкар Ерланович жиналысқа қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында балалардың сірінкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында ақпараттар берілді.
Автор: №9 ОМ