«Мейірім» аналар, «Ұлағат» әкелер мектебінің дөңгелек үстел ақпараты
Дата: 2021-02-15 08:11:37
Мектебімізде «Мейірім» аналар, «Ұлағат» әкелер мектебінің жетекшілерінің ұйымдастырумен, «Құқықтық сауаттлық» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында адам құқығы, бала құқығы, ҚР азаматының құқығы мен міндеті ұғымдарына қатысты сұрақтар тыңдалып, бейне баян көрсетілді. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнатып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Жиналыс соңында «Ұлағат» әкелер мектебінің төрағасы Рахимбеков Бауыржан Оралұлы пікір айтты.