Пікір

Дата: 2020-05-28 12:08:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сәрсенбі күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. "Ұлттық кеңестің кезекті отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналды. Бұл тегін емес. Өйткені аталған екі саланы мемлекеттің тірегі десек те, жүрегі десек те болады. Кез келген мемлекеттің негізгі капиталы – адам. Адам мен қоғам – бір бесікте тербеледі. Мемлекет адамдардың кәсіби біліктілігі мен адами құндылықтарына арқа сүйейді. ​ ​ ​ Білім беруде олқылық кетсе, салдары өте ауыр болады. Қисық ағашты кесуге, түзетуге болар. Надандықты қайтіп түзейміз? Бұл – созылмалы ауру секілді. Ал оның зардабын бүкіл ұлт тартады. Білімі нашар ұлт ұзаққа бара алмайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жөнінде өте жақсы айтты. Осы саладағы кез келген олқылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына салқынын тигізеді. Сондықтан білім беруді дамыту және жетілдіру – қазақ үшін ұлттық мәні мен маңызы бар міндет" ​ екенін айтты.Кеңес отырысында президент үздік ұстаздар еңбегін бағалау мен құрметтеудің бірқатар шараларын атап көрсетті. ​ ​ ​ ​ Мемлекет басшысы Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын жеткізді.Қазақстанның мектептері жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны қажет. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп, ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден астам спорт залдарын салу жоспарланып отырғанын айтты. ​ ​ ​ ​ "Қазақстанның стратегиялық негізгі міндеті – елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 30 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды екен. Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен сапасына қатысты. TIMSS және PISA халықаралық зерттеулердің көшбасшы мемлекеттерінде – Финляндия, Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапурда – мұғалімнің беделі өте жоғары. Ең алдымен, бұл жоғары еңбекақыдан байқалады. Мәселен, фин мұғалімдері білім беру саласындағы қазақстандық қызметкерлерден 9-14 есе артық еңбекақы алады. Президент үздік ұстаздар еңбегін бағалау мен құрметтеудің бірқатар шараларын атап көрсетті", - деді ол. ​ ​ "Денсаулықсыз – дүние бос. Пандемия жағдайында біз үлкен сынақтан өтіп жатырмыз. Қазақ жастары қайратты, парасатты болуы тиіс. Кең-байтақ Қазақстанды қорғау, сақтау, дамыту – қазақтың арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты азаматтарының қолында және мойнында болуы керек екенін жеткізіп, аладғы уақытта бұл бағыттар бойынша да оң нәтижелерге қол жеткізетініне сенім бідірді. Пікір білдіруші: Мектеп​ директоры Д.Жолдасова​ ​
Автор: №9 ОМ