Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына Пікір

Дата: 2020-04-08 11:18:26
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы барша қазақстандықтар үшін зор қолдау болып отыр.Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, болашақ үшін көп қаржы-қаражат салып, зор жауапкершілікпен атқарылған реформалардың дұрыс болғанын өмірдің дәлелдегеніне тоқталып өтті. Халықты сабырға, шыдамдылыққа шақыра отырып, төзімділік пен ерік-жігер, зор сенім бізді міндетті түрде жеңіске жеткізетінін айтты. Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап мен ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясат ұстанғандығын айтып кетті.«Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар» дей отырып, халықты алаңдамауға, абыржымауға шақырды.Шын мәнінде, қазіргідей қиын кезеңде біз шыңдалып, ширығуымыз керек. Ауызбірлік пен бір-бірімізге деген жанашырлық танытып, береке-бірлікті сақтауға өз үлесімізді қосуымыз керек. Елбасымыз жастарды үнемі қолдайды, оларға рух береді. Бұл жолы да Нұрсұлтан Әбішұлы жастарды жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылуға шақырды. Жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысым бар болғандықтан, Елбасымыздың бұл шақыруына мен де қосыламын, жастар ізгі ниеттің бастамашылары болуы тиіс деп есептеймін.Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талап ететіндігін халыққа жеткізді. «Біз біргеміз» қағидасын ұстана отырып, Елбасымыз айтқандай, қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден сақтайық! Пікір білдіруші: Мектеп директоры Д.Жолдасова
Автор: №9 ОМ