Ауғаныстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні

Дата: 2020-02-20 08:28:23
1979 жылдың ақпан айына дейін жалғасқан соғыс жауынгерлеріміздің жанқиярлық, көзсіз ерліктерінің жылы болды. Сондықтан, жыл сайын ақпан айының 15-і күні Ауғаныстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күнін ерекше атап өту дәстүрге айналған.
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған жиын 18 мектебінің түлегі болған, 1979 жылы 14 қарашада совет армиясының қатарына шақырылып, 1980 жылы 30-шы желтоқсанда ерлікпен қаза тапқан Нургалиев Самат Мубаракұлын 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгер, атап айтқанда Самат ағамыздың апасы, Ауғаныстан соғысының ардагері Нургалиева Ләззат Мубаракқызы, қатысты.
Кездесу барысында патриоттық ән де шырқалды. Мектеп директоры А.Токейбекова жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталатынын айтып, кейінгі жас буынға бейбіт өмір тілеп, ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ете отырып, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз екендігін айтты.
Қазіргі Оқушылар сарайының қабырғасында Самат Мубаракұлына арнап орнатылған ескерткіш тақтаға мектебіміздің ұландары гүл шоқтарын қойды.
Автор: СШ №8