Размер шрифта:

Республикалық "Жасқыран" және "Жасұлан" ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2019-05-06 08:52:40
Республикалық

2019 жылдың 03 мамыр күні мектебімізде Республикалық "Жасқыран" және "Жасұлан" ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Жалпы 15 оқушы 5-6 сынып аралығында "Жасұлан" қатарына, 10 оқушы 3-4 сынып аралығында "Жасқыран" қатарына қабылданды. ББЖҰ антын оқу мектептің үздік оқушысы, қалалық олимпиада жеңімпазы  5Б сынып оқушысы Айтмағанбет Әлемге берілді. Галстук тағу рәсімі : мектеп директоры А.Т.Токейбековаға, аға тәлімгер Г.Тлеуберлинаға, "Балалар маслихатының" депутаты С. Абзалбекке, "Жасұлан" ұйымының ұланбасы А. Танатоваға, "Өзін-өзі басқару ұйымының" президенті Д.Қоңыровқа, Облыстық пән олимпиадасының жүлдегері О. Полукароваға тапсырылды. Құттықтау сөз мектеп директоры А.Токейбекова және "Әкелер кеңесінің төрағасы" М. Жұматаевқа берілді