Размер шрифта:

қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Дата: 2018-09-25 09:50:48

Хаттама №1

ЖББ  №8 орта мектебінің қамқоршылық кеңесі

отырысының хаттамасы

                                                                                                         24.09.2018 ж.

Қатысты:12 адам

қатыспағандар:3

себепті :3

себепсіз-0

Күн тәртібі:

1.     "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығын  таныстыру.     

           Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы З.Т. Муханова

2.     Жалпы білім беретін №8 орта мектебі 2018-2019 оқу жылындағы   қамқоршылық кеңесінің құрамын таныстыру

          Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы З.Т. Муханова

3.       Қамқоршылық кеңесінің «Мектепке жол» акциясына қатысып, мектеп оқушыларына көрсеткен  қайырымдылық көмектері туралы                  

             Қамқоршылық кеңесінің мүшесі З.Шайбекова

4.     Қамқоршылық кеңесі  мүшелерінің  қатысуымен 2018-2019  оқу жылында  атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру

          Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы З.Т. Муханова                                     

       Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған кеңес төрайымы З.Муханова  қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты оқу-тәрбие жұмысына ата-аналар жағынан ықпал ету, мектепте туындаған көкейтесті міндеттерді шешуге қатысты болып табылады деп түсіндірді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылғы  «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес қамқоршылық кеңесінің  мүшелері жұмыстарын атқарып отырған.  Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы  2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығын таныстырып өтті.

2.  Екінші мәселе бойынша жалпы білім беретін №8 орта мектебі 2018-2019 оқу жылындағы   қамқоршылық кеңесінің құрамын таныстырды.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болатынын ескере келе, кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайтындықтан  Қамқоршылық кеңес  төрайымы  З.Муханаова қалдырылды. Кеңес жұмысын өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында  хатшы  әлеуметтік ұстаз Ж.Мустапаева тағайындалды.

  «Жалпы білім беретін №8 орта мектебі КММ-де Қамқоршылық кеңесінде төмендегі құрам бойынша  кеңес мүшелері бекітілді.

     1. Калымбетов Н. -№31765 әскери бөлімінің офицері /келісім бойынша/

     2.Мұқамедиев Б.М- «Боевое братство» ұйымының төрағасы /келісім  бойынша/

     3.Корольков В.Г -«Әскер»  ұйымының мүшесі /келісім  бойынша/

4.Шаймерден Б.О -1 В сыныбының ата-анасы  /келісім бойынша/

5.Саттыбаева Н –6А сыныбының ата-анасы  /келісім бойынша/

6. Муханова З.- Аналар мектебінің  мүшесі /келісім бойынша/

7.Сламбеков Б.- 7Ә сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

8.Полукаров С-8Б сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

9. Сламбеков Б- 8А сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

10.Базылханова Т 8Ә сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

11.Шайбекова З- 6 В сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

12. Карабаева Ф- 2Ә сыныбының ата-анасы /келісім бойынша/

13.  Конратбек А. -9Ә сыныбының ата-анасы /келісім бойынша

3. Күн тәртібіндегі  қарастырылған үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі З.Шайбекова сөз алып,  биылғы оқу жылының басында  Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысқандықтары туралы айтты. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері  кәсіпкерлерді, түрлі нысандағы кәсіпорын басшыларын, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындықты арттыру мақсатында  қол ұшын созатын азаматтарды  акцияға бей-жай қарамай, қолдау, көмек көрсетуге шақырды. Нәтижесінде  №31765 әскери бөлімі мектебіміздегі 2- оқушыға оқу құралдары  мен ранецтар табысталды.Меценаттардың қатарынан ата аналар көрініп,  олардың  демеушілігімен  128000 теңге қаражат жиналды. Бұл қаражатқа  қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің келісімі бойынша оқушылардың  көркемөнерпаздар  тобына  ұлттық 8 (сегіз) киім  тіктіруге тапсырыс берілді.

4. Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы З.Муханова қамқоршылық кеңесінің  мүшелерімен біріге  отырып, биылғы оқу жылына жұмыс жоспарын жасап бекітті. Кеңес мүшелері жоспарымен танысып, таныстырылғаны жөнінде қол қойып берді.

     Күн тәртібіндегі  мәселер толық қаралып, төмендегідей қаулы қабылданды.

Қаулы:

       1.«Мектепке жол» акциясы кезінде  жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қамтуымен көмек көрсетілу жұмысына үлес қосу жалғасын тапсын.

         2.Қамқоршылық кеңесінің  жоспары бойынша мектеппен  бірлесе  жұмыс жүргізілсін.

        Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы___________З.Муханова

         Хатшы_____________ Ж.Мустапаева