"Төртінші революция жағдайында адами капиталды дамыту"
Дата: 2018-09-06 11:53:11
Білім беру жүйесіне жаңа көзқарас
Қазақстанның келешегі – білімді ұрпақта екенін ескерсек, жыл сайын алға қойылатын нақты міндеттерді жүзеге асырып, жаһандық үрдістерден қалыс қалмаған жөн.Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сапалы білім беруді – адами капиталды дамыту негізіне айналдыру қажет. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Ал, жаңа заманда жаңа технологиялар өмірге келіп, ғылым қарыштап дамыған кезде – оқу жүйесі жаңа ізденістермен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді.Адами капиталдың жоғары деңгейі есебінен әлемнің жетекші экономикасы мол жетістікке, жеңіске жетеді. Мәселені шешу дағдылары, сыни ойлау, жасампаздық, эмоциялық парасат басты орынды иеленеді.
Сондықтан білім беру жүйесі бұрын белгісіз мәселені шеше алатын,өзгеріске
өте жылдам бейімделетін, жаңалықтар аша білетін, ұшқыр, шығармашыл ойлы, аналитикалық көзқарасты жасампаз (креативтік) адамдарды даярлауға бар күшжігерін жұмсауы тиіс. Сонымен қатар функционалдық, ITсауаттылық, ағылшын тілін жетік меңгеру, жоғары адамгершілік азаматтық кемелдену де -өте маңызды. Білімнің мазмұндылығы заманауи техникалық құралдармен үйлесімді түрде толықтырылуы тиіс. 2018 жылғы Жолдауда қойылған міндеттерге сай мектептердің цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кеңжолақты Интернетке қосу, бейнежабдықтармен жасақтау жұмысы жалғасады.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың біріңғай стандарты енгізіледі.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу мәселесі басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Жаңа бағдарлама оқулық, жүйе мен кадрды талап етеді. Осының бәрі педагогтарды оқыт умен біліктілігін арттыруға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Сондықтан еліміздің университеттері жанынан педагогикалық кафедралармен факультеттерді дамыту жолға қойылады. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуге бағытталған жұмыстар қолға алынады. Бұл жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты болмақ. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жанбасына қаржыландыру енгізілетін болады.
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы– оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, мәтінмен жұмыс жасау зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибежасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту
Жоғары сыныптарда жеке жаратылыстану ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу бойынша жұмыстар жалғасуда.Бүгінгі таңда ағылшын тілінде «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерін оқытуды жүзеге асыру жүріп жатыр. Мектебіімізде осы пәндерге ағылшын тілінде жүргізудің элементтерін енгізу жұмыстары жалғасуда.Бүгінгі таңда кестеге сәйкес жаратылыстану-математикалық циклінің 4 мұғалімі курс оқып жатыр. Биылғы 2018-2019 оқу жылында 7 сыныптарда информатика,физика, 8 сыныптарда химия,биология пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.
Білім беру мақсаты
Білімберу мақсаты- келесінегізгікеңауқымдыдағдылардыдамытуарқылыжүргізіледі:
1.Мәтінмен жұмыс жасау
2.Топта жұмыс жасай алу
3.Оқушының әлеументтенуі
4.білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
5.зерттеужұмыстарынжүргізу;
6.сыниойлау;
7.ақпараттық-коммуникативтікдағдылардыпайдалану;
8.әртүрлікоммуникация тәсілдерінпайдалану;
9.- топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
10.- проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау тәрізді білім, білік, дағдыларды оқушы бойында қалыптастыра оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру деп көрсетілген.