Қамқоршылар Кеңесінің отырысы

Дата: 2018-02-01 23:21:05

Қатысты:15 адам 09.09.2017 ж.

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңесін құру бойынша атқарылған шаралар туралы   

                                   Мектеп директоры А.Т.Токейбекова

2.  Қомқоршылықы кеңесі  мүшелерінің  қатысуымен 2017-2018  оқу жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру

                                 Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы Муханова З        

       Тыңдалды:

1.Мектептің қаржы-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру, қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру, мектепте білім беру процесі мен ұйымдастыру формаларына тиімді жағдайлар жасауға ықпал ету,   мектепте оқуға, тәрбиелеуге және еңбек етуге жайлы жағдай туғызу,  оқушылар үшін олардың денсаулығына жайлы спорттық сауықтыру, медициналық жағдайлар жасау және нығайту  мақсатында «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 501 бұйрығына, Балқаш қаласы Білім бөлімінің 2017 жылғы 08 ақпанындағы N  65 бұйрығына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, Қамқоршылық кеңесі құрылғаны туралы айтып өтті.  

Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту үшін, белсенді ата-аналардан сайлау өткізіліп, құрамы  бекітілгенін де атап өтті.

2.Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы болып бектілген З.Муханова  сөз алып, қамқоршылық кеңесінің  мүшелерімен біріге  отырып, жұмыс жоспарын жасап бекітті. Кеңес мүшелері жоспармен танасып, таныстырлығаны жөнінде қол қойып берді.

     Күн тәртібіндегі  мәселер толық қаралып, төмендегідей қаулы қабылданды.

Қаулы:

1. 2017-2018 оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңесінің  мүшелерімен біріге жасалған  жұмыс  жоспары  бекітілсін.
2. Қамқоршылық кеңесінің  жоспары бойынша мектеппен  бірлесе жұмыс жүргізілсін.

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы:         З.Муханова

                                                Хатшы:       А. Жолболдина