Ата-аналар жиналысы
2017 жылдың 07 ақпаны күні қалалық білім бөлімінің хаты негізінде интернет желісінде тарап жатқан балалардың өз-өзіне қол жұмсауына әкелетін желілік қауіпті «Көк кит», «Жүгір және өл» ойындары туралы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде бірнеше жұмыстар жүргізілді.
Мектеп директоры А.Т.Токейбекова, мектеп психологі З.Н.Абдуалиева, әлеуметтік педагог В.С.Жамкеева, директордың АКТ жөніндегі орынбасары Г.Т.Ажигулованың қатысуымен мектептегі интернет қосылған 12 кабинеттің компьютерлерінің сайттарға кіру тарихы тексеріліп, керексіз сайттар жойылды, оқушылар жұмыс жасайтын компьютерлердің барлығына шектеу қойылғандығы жөнінде тексеру актісі толтырылды.
Әр сынып оқушыларына мектеп психологі мен сынып жетекшілері біріге отырып, желілік қауіпті ойындар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар қолданып жүрген ұялы телефондарындағы тіркелген кез-келген сайттарға абай болуы туралы ақпараттандырылды.
Сонымен қатар, 07 ақпан күні әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда күмәнді және қауіпті сайттарға тіркеліп жатқан балалар санының артуы бүгінгі күннің дерті болып отырғандығы жөнінде айтылды. Отбасы мүшелерін де хабардар ету мақсатында, үнпарақтар да таратылды. Жиналыс соңында плэй маркеттен «Ата-ананың бақылауы» деген қосымша арқылы балаларын бақылау ескертілді. Ата-аналарға осы жағдайды назардан тыс қалдырмау ескертілді.
Жиналысқа жалпы 182 ата-ана қатыстырылды. Жиналыс өткізуде сынып жетекшілерімен бірге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Жетписбаева, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы қатысты.