Қалаға саяхат
Дата: 2017-02-06 05:33:53
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 5-сынып оқушылары ақпан айының 1-ақпан күні Балқаш қаласының 80- жылдығына орай «Мен қаламды аралаймын» тақырыбында қала ішіне саяхат ұйымдастырылды. Оқушыларды сынып жетекшілері қала ішіндегі ескерткіштер тарихы мен көшелердің тарихымен таныстырды. Оқушылар тыған қаласына деген сезімдерін қағаз бетіне түсіріп, ескерткішке суреттерге түсіп қайтты. Қала тарихын терең білу олардың да көңілінен шығып, еліне деген сезімдерін арттыра түскендей.