«Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі»
2016 жылдың 23-желтоқсан күні мектептің әкелері арасында «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» ток шоуы өткізілді. Бұл ток шоуға әкелер шақырылды. Сонымен қоса ардагер ата Адамбек Жұмағазы, мектеп инспекторы Жандығұлов Қанат, әкелер кеңесінің төрағасы Жұматаев Марат және бірқатар әкелер қатысты.
Әкелер арасында «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында әңгімеөрбіді. Тақырыпқа тиек ретінде, сюжет көрсетілді.
Сіз қаншалықты балаңызға көңіл бөліп жүрсіз? Сізге балаңыз өз ойын ашық жеткізе ме? Сіздің ойыңызша ұл баланы ұрып тәрбиелеу дұрыспа? - деген сұрақтар төңірігенде әр әке өз пікірлерін ортаға салды.
Мектеп инспекторына: -Қылмыстық жауапкершілікке бала қай жастан бастап тартылады? Неше жасқа дейін ата-ана жауапты болады? деген сұрақтар қойылып, қазіргі таңда әкенің жауапкершілігі жайында әңгімеледі. Мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Марат Қадырұлы мектептегі әкелер кеңесінің жұмысына тоқталып, нәтижесі жайында сөйледі.
11 сынып оқушысы Бегімбаева Назерке сөз алып, өз ойын ашық жеткізді. Қазіргі кезде бала тәрбиесінде әкелердің бақылауы, қадағалауы төмен , сондықтан да бала әкесін тыңдамай, әкесіне сөз қайтарып, дөрекі сөйлеп жататын жағдайлардың да кездесетінін айтты.
Мектеп психологы Абдуалиева З. «Балаңызды қаншалықты танисыз?» тренинг өткізіп, соңында әр әке өз ойларын қорытындылады.
«Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші әр бала әкесінің, анасының іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап еліктей бастайды. Сондықтан, мейлінше уақыт тауып, сәби кезінде түрлі ойындарды бірге ойнап, есейгендебаланың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, сырласар жақын досы бола білсе, деген ниетпен тарқасты.