ЖББ №8 орта мектебінде ұйымдастырылған қалалылық Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференцияның ақпары
![ЖББ №8 орта мектебінде ұйымдастырылған қалалылық Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференцияның ақпары](/media/img/blog/56b7fb73ae6d8.jpg)
05.02.2016 жылы мектебімізде қала мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысуымен Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференция өтті. Конференцияға қаламыздың қалалық білім бөлімінің әдіскері – Г.Б.Асемханова, «Пульс» газетінің тілшісі – Қ.М.Саденов, «Балқаш өңірі» тілшісі, қалалық мұражай директоры – А.К.Сеилханова, С.Сейфуллин атындағы кітапхана директорының орынбасары – Ж.К.Сопина қатысып, баяндамашыларға әділ бағасын берді: І орын – ЖББ №24 мектеп оқушысы Қанаят Арайлым, ІІ орын – ЖББ №15 мектеп – лицейінің оқушысы Сатмағанбетов Айбек, ІІІ орын – ЖББ №8 мектеп оқушысы Тұрсын Айдана марапатталды. «Үздік зерттеуші» номинациясын лингвистикалық бағыттағы №16 мектеп оқушысы Олжабай Жанел жеңіп алды. Сонымен қатар қалалық гимназия, №2 лицей, №5 мектеп, №7 мектеп – гимназия, №9 мектеп, №25 мектеп, №2 мектеп – интернат қатысушылары «Алғыс хатпен» марапатталды.