ЖББ №8 орта мектебінде ұйымдастырылған қалалылық Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференцияның ақпары

Дата: 2016-02-08 02:22:41
ЖББ №8 орта мектебінде ұйымдастырылған қалалылық Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференцияның ақпары

   05.02.2016 жылы мектебімізде қала мектептерінің  9 сынып оқушылары қатысуымен Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған  «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми – танымдық конференция өтті. Конференцияға қаламыздың қалалық білім бөлімінің әдіскері – Г.Б.Асемханова,  «Пульс» газетінің тілшісі – Қ.М.Саденов, «Балқаш өңірі» тілшісі,  қалалық мұражай  директоры – А.К.Сеилханова, С.Сейфуллин атындағы кітапхана директорының орынбасары – Ж.К.Сопина қатысып, баяндамашыларға әділ бағасын берді:  І орын – ЖББ №24 мектеп оқушысы Қанаят Арайлым, ІІ орын – ЖББ №15 мектеп – лицейінің оқушысы Сатмағанбетов Айбек, ІІІ орын – ЖББ №8 мектеп оқушысы Тұрсын Айдана марапатталды. «Үздік зерттеуші» номинациясын  лингвистикалық бағыттағы №16 мектеп оқушысы Олжабай Жанел жеңіп алды. Сонымен қатар қалалық гимназия, №2 лицей, №5 мектеп, №7 мектеп – гимназия, №9 мектеп, №25 мектеп, №2 мектеп – интернат қатысушылары «Алғыс хатпен» марапатталды.