Тәуелсіздіктің -25 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастыру туралы ақпар
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мектепішілік жасалынып бекітілген жоспарға сай, кітапхана меңгерушісі Исабаева Р.А мектебіміздің І–ші қабатында кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрме «Ел Тәуелсіздігінің-25 жылдығы»деп аталды. Көрме оқырмандарды егемен еліміз тарихымен кеңінен таныстыру, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатын көздеді. Көрме ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның даму кезеңдері туралы сыр шертіледі. Онда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» атты кітаптарымен қатар ҚР Конституциясы, «Жеті жарғы», «Тарихи тұлғалар», «Қазақстан мемлекеттілігінің кезеңі» атты бірқатар кітаптар орын алған. «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деген атаумен тәуелсіз еліміздің даму жолдары мен алдағы мақсат-міндеттерін баяндайтын әдебиеттерге жол ашқан.