Размер шрифта:
↑

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебіміздің кітапханашылары оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мақсатында Дулат Исабековтың «Гаухар тас »

Дата: 2026-11-23 10:09:52
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебіміздің кітапханашылары
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мақсатында Дулат Исабековтың «Гаухар тас » шығармасы желісі аясында пікірталас іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Дулат Исабековтің «Гауһар тас» шығармасының мазмұны мен негізгі идеясын талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Шығармадағы Салтанат пен Ыбыштың мінез-құлқы, отбасылық қарым-қатынас, адамгершілік, сыйластық пен мейірімділік тақырыптары кеңінен қозғалды.
Пікірталас барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Әр оқушы шығармадан алған әсерімен бөлісіп, туындының тәрбиелік мәніне тоқталды