Размер шрифта:
↑

«Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбындағы мектеп кітапханалары айлығы аясында оқушыларға заманауи кітапхананың мүмкіндіктерін таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, цифрлық сауаттылықтарын дамыту және болашақ кітапханас

Дата: 2026-11-17 07:50:04
«Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбындағы мектеп кітапханалары айлығы аясында оқушыларға заманауи кітапхананың мүмкіндіктерін таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, цифрлық сауаттылықтарын дамыту және болашақ кітапханасының даму бағыттары туралы ой қозғау мақсатында 3-4 сынып оқушылары арасында «Болашақтың кітапханасы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар дәстүрлі және заманауи кітапханалардың ерекшеліктерін салыстырып, болашақ кітапханасының қандай болатыны жөнінде өз ойларымен бөлісті. Жасанды интеллект, электронды кітаптар, аудиокітаптар, виртуалды оқыту кеңістігі мен цифрлық ақпараттық ресурстардың кітапхана жұмысындағы рөлі талқыланды.
Сонымен қатар оқушылар «Болашақтың кітапханасы қандай болуы керек?» деген тақырыпта өз қиялдарына ерік беріп, заманауи технологиялармен жабдықталған, оқырманға қолайлы, білім мен шығармашылықтың орталығына айналған кітапхана үлгісін ұсынды.