«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебімізде ұстаздар қауымының қатысуымен «Алғашқы ұстаз» және «Гауһартас» шығармаларын талқылауға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі мен Дулат Ис
Дата: 2026-11-16 11:06:39
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебімізде ұстаздар қауымының қатысуымен «Алғашқы ұстаз» және «Гауһартас» шығармаларын талқылауға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі мен Дулат Исабековтің «Гауһартас» шығармасының мазмұны мен идеялық мәні кеңінен сөз болды.
«Алғашқы ұстаз» шығармасы арқылы білімнің құдіреті, ұстаз еңбегінің ұлылығы, жас ұрпаққа жол ашудың маңызы талқыланса, «Гауһартас» туындысы арқылы адам жанының нәзіктігі, отбасындағы сыйластық пен түсіністіктің қадірі туралы ой қозғалды.