Размер шрифта:
↑

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебімізде ұстаздар қауымының қатысуымен «Алғашқы ұстаз» және «Гауһартас» шығармаларын талқылауға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі мен Дулат Ис

Дата: 2026-11-16 11:06:39
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебімізде ұстаздар қауымының қатысуымен «Алғашқы ұстаз» және «Гауһартас» шығармаларын талқылауға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі мен Дулат Исабековтің «Гауһартас» шығармасының мазмұны мен идеялық мәні кеңінен сөз болды.
☕ Шай үстінде өткен сырлы әңгіме барысында қатысушылар шығармалардағы басты кейіпкерлердің тағдырына тоқталып, адамгершілік, мейірім, махаббат, ұстаздық ұлағат, отбасы құндылығы мен өмірлік жауапкершілік туралы өз ойларымен бөлісті.
«Алғашқы ұстаз» шығармасы арқылы білімнің құдіреті, ұстаз еңбегінің ұлылығы, жас ұрпаққа жол ашудың маңызы талқыланса, «Гауһартас» туындысы арқылы адам жанының нәзіктігі, отбасындағы сыйластық пен түсіністіктің қадірі туралы ой қозғалды.