Размер шрифта:
↑

Тақырыбы: «Эмоционалдық жағдай және қауіпсіз шешім қабылдау» Мақсаты: 7-сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайын түсінуіне, өз сезімдерін басқара білуіне, түрлі өмірлік жағдаяттарда қауіпсіз әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп психоло

Дата: 2026-11-10 14:30:42
Тақырыбы: «Эмоционалдық жағдай және қауіпсіз шешім қабылдау» Мақсаты: 7-сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайын түсінуіне, өз сезімдерін басқара білуіне, түрлі өмірлік жағдаяттарда қауіпсіз әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп психологы тарапынан 7-сынып оқушылары арасында «Жеке қауіпсіздік» факультативі аясында «Эмоционалдық жағдай және қауіпсіз шешім қабылдау» тақырыбында тренинг жаттығу өткізілді. Тренинг жаттығу барысында оқушылардың эмоционалдық күйлерін тану, жағымсыз эмоцияларды басқару, қиын жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар мен жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, оқушылар олардың шешу жолдарын талқылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ұсынылған жағдаяттарды талқылап, қауіпсіз әрекет ету жолдарын қарастырды.