Размер шрифта:
↑

Қазанның 9 күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың әлеуметтік бейімделуін арттыру, достық қарым - қатынасты нығайту мақсатында «Жақсы көңіл – күй – жан азығы» атты тимбилдинг ойыны өткізілді. Тимбилдинг аясында оқушылардың жас әрі пси

Дата: 2026-10-19 08:26:53
Қазанның 9 күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың әлеуметтік бейімделуін арттыру, достық қарым - қатынасты нығайту мақсатында «Жақсы көңіл – күй – жан азығы» атты тимбилдинг ойыны өткізілді. Тимбилдинг аясында оқушылардың жас әрі психологиялық ерекшеліктеріне сай әзірленген қызықты интерактивті ойындар, танымдық жаттығулар және сенсорлық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қабылдау,есте сақтау, зейін, ойлау, ұсақ моторикасын дамытушы ойындар мен жаттығулар арқылы дамыту, команда боп бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
Бұл іс-шара оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар әрбір тапсырманы жоғары белсенділікпен орындады
Балқаш қаласы Білім Бөлімі ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы