Размер шрифта:
↑

14.10.2026 жылы мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыру мақсатында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша әдеби пікірталас өткізілді. Пікірталастың мақсаты – оқушыларға шыға

Дата: 2026-10-19 08:25:29
14.10.2026 жылы мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыру мақсатында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша әдеби пікірталас өткізілді.
Пікірталастың мақсаты – оқушыларға шығарманың мазмұнын терең түсіндіру, басты кейіпкер Қожаның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін талдау, оқушылардың ойлау, өз пікірін еркін жеткізу.
Іс-шара барысында оқушылар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, Қожаның бойындағы жақсы қасиеттері мен кемшіліктерін талқылады. Сонымен қатар Қожаның жасаған әрекеттеріне баға беріп, оның мінезінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар туралы өз ойларын ортаға салды. Пікірталас барысында қатысушылар кейіпкердің қателіктері мен оны түзетуге деген талпынысын талдап, өз көзқарастарын шығармадан алынған мысалдармен дәлелдеуге тырысты. Әдеби пікірталас оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, адамгершілік құндылықтарды бағалауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және өзгенің пікірін құрметтеуге ықпал етті.