Размер шрифта:
↑

2026–2027 оқу жылы 16-қазан күні 10–11-сынып оқушылары арасында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, күрделі есептерді шешу дағдыларын жетілдіру және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Алтын түлек» респ

Дата: 2026-10-19 08:24:38
2026–2027 оқу жылы 16-қазан күні 10–11-сынып оқушылары арасында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, күрделі есептерді шешу дағдыларын жетілдіру және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 10–11-сынып оқушылары қатысып, математика пәні бойынша білімдері мен қабілеттерін сынады. Қатысушыларға ұсынылған тапсырмалар олардың логикалық ойлау, талдау, есептеу және математикалық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын анықтауға бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге қатысуға іріктелді. Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге және болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.