«ЖУСАН. УАҚЫТ. ТАҒДЫР» әдеби-интеллектуалдық сайысы

Дата: 2026-10-19 08:20:24
«ЖУСАН. УАҚЫТ. ТАҒДЫР» әдеби-интеллектуалдық сайысы
Мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы мен «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Айтқұлова мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Жусан иісі» повесі бойынша «ЖУСАН. УАҚЫТ. ТАҒДЫР» атты әдеби-интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға құштарлығын оятып, көркем шығарманың тағылымын терең ұғындыру, жас ұрпақтың бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушы үш топ өздерін таныстырып, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасады. Аянның тағдыры арқылы балалық шақтың мөлдір сезімі, қайсарлық пен үміт, қиындыққа мойымау секілді асыл қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Келесі кезеңде оқушылар шығармадағы әсерлі эпизодтарды сахналап, соңғы айналымда жасанды интеллект көмегімен шығармашылық хат жазды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды – «Жусан» тобы, ІІ орынды – «Сағыныш» тобы, ІІІ орынды – «Үміт» тобы иеленді. Жеңімпаздар марапатталып, әдеби кеш рухани әсерге толы тағылымды шарамен қорытындыланды.