2026 жылдың 29 қыркүйек күні мектебімізде «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында «Бауыржан ізбасарлары» атты патриоттық жиын өтті.
Дата: 2026-10-05 12:44:29
2026 жылдың 29 қыркүйек күні мектебімізде «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында «Бауыржан ізбасарлары» атты патриоттық жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, дене дайындығын жетілдіру, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар әскери-спорттық жарыстарға, спорттық сайыстарға және шығармашылық қойылымдарға белсене қатысты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды.
І кезең – спорттық эстафета.
Бұл кезеңде оқушылар жылдамдық, ептілік және төзімділік бойынша бақ сынап, командалық ұйымшылдықтарын көрсетті.
ІІ кезең – әскерилендірілген эстафета.
Әскери-спорттық жарыстың бұл кезеңі көл жағалауында өткізілді. Қатысушылар әскери бағыттағы түрлі тапсырмаларды орындап, шапшаңдықтары мен физикалық дайындығын көрсетті.
Сонымен қатар жиын барысында оқушылардың дайындаған «Батыр аманаты – ұрпаққа қанат!», «Риторика в лицах. Сократ», «A Journey Across Kazakhstan / Қазақстанға саяхат» атты шығармашылық қойылымдары көрермендер назарына ұсынылды.
Сайыс қорытындысы бойынша: